instagram
facebook
facebook

Казахстан

Власть

Общество

На здоровье

Образование

Коммуналка

Ақмолалық оқушылар INFOMATRIX ASIA-2023 халықаралық байқауында 6 күміс және 2 қола медаль жеңіп алды

2023 жылғы 16-18 желтоқсан аралығында Астана қаласында IT жобалар бойынша халықаралық INFOMATRIX ASIA-2023 байқауы өтті. Жарысқа 4 мемлекеттен 184 жобамен 450 оқушы қатысты.

Іс-шара IT саласында ғылыми зерттеушілікке қызығушылық танытатын дарынды жастарды анықтауға, әртүрлі елдерден оқушылар мен мұғалімдерді тарту арқылы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға және шығармашылық тәжірибе алмасуға бағытталған.

Ақмола облысынан халықаралық байқауға Ақмола облысы білім басқармасының “Білім-инновация” лицей-интернатының және Щучинск қаласының “Білім-инновация” IT лицей-интернатының оқушылары қатысты.

Жарыс ағылшын тілінде және алты бағыт бойынша өтті: 

– Робототехника – FLL Challenge және Arduino Hackathon; 

– Компьютерлік бағдарламалау; 

– Компьютерлік графика және өнер; 

– Қолданбалы ғылыми жобалар; 

– Қысқаметражды фильмдер; 

– Қолданбалы математика жобалары.

Халықаралық байқау қорытындысы бойынша Щучинск қаласының “Білім-инновация” IT лицей-интернатының оқушылары жүлдегерлер қатарында.

ІІ дәрежелі дипломдармен және күміс медальдармен:

«Қысқаметражды фильмдер» бағыты бойынша: 

Еркін Таир – 9-сынып оқушысы;

Нурланов Темирлан – 9-сынып оқушысы; 

Тұрлыбек Ерахмет – 9-сынып оқушысы. 

«FLL Challenge және Arduino Hackathon» бағыты бойынша: 

Марат Дияс – 8-сынып оқушысы; 

Құттыбек Марданжеңіс – 8-сынып оқушысы; 

Досай Әли – 8-сынып оқушысы.

ІІІ дәрежелі дипломдармен және қола медальдармен:

«Компьютерлік графика және өнер» бағыты бойынша: 

Кайрушев Дамир – 10-сынып оқушысы; 

Тұрсынбек Лаура – 10-сынып оқушысы.

Құттықтаймыз және жаңа жетістіктер тілейміз!!!

18280cookie-checkАқмолалық оқушылар INFOMATRIX ASIA-2023 халықаралық байқауында 6 күміс және 2 қола медаль жеңіп алды